Жаңалықтар

23:57 | 04 қазан 2013
Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы медальды қанжығалады. Жарыстың бірінші күні қыздар арасында Александра Подрядова (48 кг дейінгі салмақ санаты) күміс жеңіп алды (суретте - сол жақта). Александра жартылай финалда алаң иесі Кристина Ковалеваны жеңсе, шешуші кездесуде Израиль спортшысы Шире Ришониден жеңіліп қалды. Ал 52 кг дейінгі салмақ санатында Олеся Куценко мен Алтынай Балтина өнер көрсетті.…
23:35 | 04 қазан 2013
Ташкентте дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирі басталды. Қазақстандық балуандардың бірінші жарыс күнгі нәтижелерін назарларыңызға ұсынамыз. 60 кг дейінгі салмақ санатында Еркебұлан Қосаев қола медальға жақын болды, бірақ шешуші кездесуде ол моңғол балуаны Херлен Ганбольдтан жеңіліп қалды. Қазақстандық дзюдошы украиналық Геворг Геворхяннан жеңіліп қалғаннан кейін «жұбаныш» кездесуге мүмкіндік алған еді. Кіші финалға шығу үшін Қосаев өзбек балуаны Бахром Иноятовтың жауырын жерге тигізді.…
01:22 | 04 қазан 2013
Шынымды айтсам, әлі күнге дейін әлем чемпионатының алтынынан санаулы секундта айырылып қалғаныма өкінемін. Рас, бұйырмады. Масашидің қолын ауыртып-ақ бақтым, бірақ ол берілмеді. Сәл күш жетпей қалған секілді, әйтпесе... Қазақ жанкүйерлері ерекше құрметтейтін батырлар қатары тамыз соңында тағы бір есіммен толықты. Ол - алыс Бразилияда өткен әлем біріншілігінде финалға дейін жетіп, ақтық айқаста ғана қарсыласына есе жіберген дзюдошы Азамат Мұқанов. Рио…
21:32 | 03 қазан 2013
Дзюдодан ерлер құрамасының бапкері Алматыда өткен Әлемдік Гран-придің нәтижесіне риза ма, Максим Раков Рафаэль Бузакариниді қалай жеңді, Ислам Бозбаевтың жеңісі жанкүйерлерге неліктен қуаныш сыйламады? Осы және басқа да сауалдарға ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Ермек Имамбеков жауап берді. - Не жоспарладық, бәрі орындалды. Гран-при турнирінің екінші күні тек бір салмақ санаты (81 кг) ғана мақсатқа жеткен жоқ. Қалған жігіттер үмітті ақтады.…
06:12 | 03 қазан 2013
26 жастағы Азамат Мұқановтың (66 кг дейінгі салмақ санаты) күміс медалі Рио-де-Жанейрода (26 қазан– 1 қыркүйек) дзюдодан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз медаль болды. Бразилия жарысының қорытындысы бойынша біздің команда 14-ші орын алды, ал Мұқанов елге «жалғыз батыр» болып оралды... - Жарыстың аяқталғанына бір ай болды, бірақ адамдар мені әлі құттықтауда. Әлем чемпионаты кеше аяқталған сияқты. Көңіл-күйім…

Әлеуметтік желідегі парақшалар