Жаңалықтар

17:43 | 11 наурыз 2022
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысынан кейін ҚДФ бас хатшысы Асхат Жіткеев президент міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. Өз кезегінде Қайрат Қожамжаров отандық дзюдо қауымдастығына алғысын білдірді. “Дзюдо федерациясының президенті өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуыма байланысты барлық қазақстандық дзюдошыларға, жаттықтырушыларға, федерация менеджерлеріне, Дзюдо деп аталатын үлкен отбасымызға шынайы алғысымды білдіремін! Сіздермен бірге жұмыс істеген қысқа мерзім…
10:00 | 31 желтоқсан 2021
Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо жанашырлары! Сіздерді өз атымнан және Қазақстан дзюдо федерациясының атынан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 2021 жыл бәріміз үшін оңай жыл болған жоқ. Десе де біз бірлігіміз бен мақсатқа деген айқын ұмтылысымызбен бір белесті бағындырдық деп ойлаймын. Әлемдік додаларда, Азия мен әлем чемпионаттарында, жылдың басты додасы саналған Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған әрбір жанға,…
21:56 | 15 желтоқсан 2021
Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо сүйер қауым! Сіздерді Қазақстан дзюдо федерациясының атынан төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік - бізге бабалар аманаттаған асыл мұра, ең қымбат қазынамыз. Спортшылар ел қоржынына салған әрбір жүлдені тәуелсіздікке тарту деп білемін. Тәуелсіз елдің саңлақтары бұдан кейін де ел мерейін үстем етпек! Еліміздің тұғыры берік, еңсесі биік болсын! Ата-баба аманатын арқалаған, бүгінімізді шуақты…
11:10 | 18 қараша 2021
Оралда дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Ел біріншілігіне Қазақстанның 14 облысы және Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 400-ден астам татами шебері қатысады деп жоспарлануда. Жылдың маңызды додасы 19-21 қараша күндері Орал қаласында орналасқан "Теннис орталығы" спорт кешенінде өтеді. Жарыс бағдарламасы 19 қараша Жарыстың басталуы – 10:00 Әйелдер: -48 кг, -52 кг Ерлер: -60 кг, -66 кг 20…
18:53 | 30 тамыз 2021
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевты парадзюдошылардң Токиода сәтті өнер көрсетуімен құттықтады. "Парадзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасының Паралимпиада ойындарындағы жоғарғы жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Біз әрбір дзюдошының Паралимпиададағы көрсеткен тарихи нәтижесіне тәнтіміз және қуаныштымыз! Мұндай жетістік Қазақстан дзюдо және парадзюдо тарихында бұрын соңды болмаған. Осы орайда, осындай үлкен жетістік артында Сіздің және спортқа шын…

Әлеуметтік желідегі парақшалар