Александра Подрядова – Гран-придің күміс жүлдегері
Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы медальды қанжығалады. Жарыстың бірінші күні қыздар арасында Александра Подрядова (48 кг дейінгі салмақ санаты) күміс жеңіп алды (суретте - сол жақта). Александра жартылай финалда алаң иесі Кристина Ковалеваны жеңсе, шешуші кездесуде Израиль спортшысы Шире Ришониден жеңіліп қалды.
Ал 52 кг дейінгі салмақ санатында Олеся Куценко мен Алтынай Балтина өнер көрсетті. Алтынай алғашқы кездесу өзбек қызы Дильдор Убайдуллаевадан жеңіліп қалса, Олеся бразилиялық Ракель Сильвадан аса алмай, «жұбаныш» кездесуіне мүмкіндік алды. Бірақ алаң иесі Шаодат Супихоновадан жеңіліп қалды.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматыда өткен Әлемдік Гран-при кезеңінде Александра Подрядова ресейлік Кристина Румянцеваға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтқан еді.
0 пікірлер