Жаңалықтар

15:01 | 28 наурыз 2017
Германияда жастар арасында өткен халықаралық Тюринги кубогының командалық сайысында Қазақстан құрамасының қыздары жүлделі орынға ие болды. Олар қола үшін күресте татами иелерін (Германия) жеңіп, қолаға қол жеткізді. Қазақстан құрамасында белдескен бұрымды балуандар келесідей: Науатбек Ақмарал (48 кг) Бұғылбаева Айдана (52 кг) Карчаева Аида (57кг) Нарынова Мөлдір (63 кг) Махмудова Жания (70 кг) Тилеуханова Назерке (-78 кг) Берліқаш Камила (+78 кг)
11:27 | 27 наурыз 2017
Наурыздың 31-і мен 2-сәуір аралығында Тблисиде кезекті Гран При турнирі өтеді. Қазақстан құрамасынан бұл додаға 19 спортшы қатысады. Олар: 1. Жеңісбек Жақсыбек (60 кг) 2. Абылайхан Шаратов (60 кг) 3. Мейіржан Қалтаев (66 кг) 4. Әбілқайыр Мауленин (66 кг) 5. Жансай Смағұлов (73 кг) 6. Бекәділ Шаймерденов (73 кг) 7. Азиз Қалқаманұлы (81 кг) 8. Әділет Миссин (81 кг) 9.…
04:19 | 27 наурыз 2017
Германияның Бремен қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық «Мастер Бремен» турнирі өтті. Турнирге әлемнің 25 елінен 1000-ға жуық спортқы қатысты. Аталмыш жарысқта Қазақстан құрамасының спортшылары 1 алтын, екі күміс және екі қолаға қол жеткізді. Отандасымыз Дәурен Сүйкенов ел намысын абыроймен қорғап, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпиона атанды. 55 келіде финалда белдескен екі спортшы да қазақстандық спортшылар болды. Дәурен Сүйкенов жеңімпаз…
00:49 | 26 наурыз 2017
Германияның Бад-бланкенбург қаласында жастар арасында өткен халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошы Камила Берлікаш (+78 кг) жүлдегер атанды. Қола үшін белдесуде отандасымыз франциялық Раухити Вернаудоннан басым түсіп, Қазақстан қоржынына қола медалін салды. Аталмыш турнирге Қазақстан құрамасынан 17 спортшы қатысты.
21:42 | 24 наурыз 2017
Н.Ілиясов ауылында «Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық турнир басталды. Оған Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің он бір облысынан 36 команда, 550 спортшы қатысуда. Жарыстың салтанатты ашылуында ҚР дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарушы Марат Мықтыбеков пен Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Параламент Мәжілісінің депутаты Абзал Ералиев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыстың алғашқы күнінде командалық жарыс…

Әлеуметтік желідегі парақшалар