Жаңалықтар

16:11 | 05 наурыз 2014
8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында дзюдодан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Ресей, 1994), дзюдодан Азия чемпионы (Вьетнам, 1996), ҚР жастар арасындағы әйелдер ұлттық құрама командасының аға бапкері Нұртазина Жанат Қапезқызымен әңгімелескен едік. - Жанат Қапезқызы, спортпен қашаннан бастап шұғылдана бастадыңыз? - Мен спортпен 5 жасымнан шұғылдана бастадым. Алдымен спорттық гимнастикамен, содан соң конькимен жүгіру спортымен…
09:42 | 05 наурыз 2014
2014 жылдың 4 наурызында Астанада «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының кубогы» республикалық турнирі өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дзюдошылары бірінші орынды жеңіп 500 мың теңге сыйақыға ие болды, екінші орындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің спортшылары 300 мың теңгемен марапатталса, үшінші орын алған Алматы қаласындағы Қазақтың спорт және туризм академиясы мен Семей Мемлекеттік медицина университеті…
13:18 | 03 наурыз 2014
2014 жылдың 4 наурызында Астанада «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Кубогы» республикалық турнирі өткізіледі. Оның сыйақы қоры 1 миллионт теңгені құрайды. Командалық есепте бірінші орын алған оқу орны 500 мың теңге, екінші орын иесі 300 мың теңге, ал үшінші орын алғандар 100 мың теңгемен марапатталмақ. Белдесулер 66 , 73, 81, 90 дейінгі және 90 жоғары салмақ дәрежесінде өтпек.…
11:17 | 03 наурыз 2014
2014 жылдың 1–2 наурызында Прагада өткен «Еуропаның ашық Кубогы» турниріне еліміздің ерлер құрама командасы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Имашев алтыннан алқа тақса, осы салмақ дәрежесінде Қырғызбаев Гумар үшінші орын алды, ал Аманхан Өскенбаев 7 орынға тұрақтады. Сонымен қатар, 100 келіге дейінгі салмақта Әділхан Қозыбаев қола жүлдеге ие болса, Шынкеев Ержан 100 келіден жоғары салмақта…
22:35 | 02 наурыз 2014
Дзюдодан Прагада өткен халықаралық турнирде қазақстандық Әділхан Қозыбаев қола жүлдегер атанды. Кіші финалда 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қозыбаев (суретте ақ жейдемен) Қырғызстан балуаны Шыңғыс Мәмедовті жеңді. Ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі саналатын Ержан Шынкеев (+100 келі) қола медаль үшін өткен белдесуде Моңғолия балуаны Дууренбаяр Ользибаярдан ұтылып, 5-і орынға табан тіреді. Осылайша, Чехия төрінде аяқталған «European Open» турнирінде Қазақстан…

Әлеуметтік желідегі парақшалар