Елдос финалда!

19:51 | 28 наурыз 2014

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің (28-30 наурыз) финалына жолдама алды.

Ұлттық құрама үздіктерінің бірі саналатын Елдос алдымен Павел Петриковтан (Чехия) басым түсті. Кейін украиналық Денис Биличенко мен моңғолиялық Ганболд Мунхтурдан айла асырды. Жартылай финалда әзірбайжандық Илгар Мушкиев Елдосқа қауқар көрсете алмады. Шешуші белдесуде Сметов (суретте көк кимонода) ресейлік Беслан Мудрановпен кездеседі.

Осы салмақта сынға түскен тағы бір балуанымыз Асхат Телманов D тобында сынға түсіп, жартылай финалға жолдама берер кездесуде австриялық Людвиг Пайшчерден ұтылды. Кейін қола медаль үшін өткен белдесуде ресейлік Роберт Мшвидобадзеге есе жіберді. Өз тобында Асхат Фабио Басиле (Италия) және Иво Шемештен (Израиль) басым түскен болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар