Екінші күні қоржынымыз бос
Самсундағы Гран-при турнирінің екінші жарыс күнінде Қазақстан дзюдошылары жүлдеге қол жеткізе алмады.
73 келі. В пулінде сынға түскен Дастан Ықыбаев бірінші белдесуінде-ақ ресейлік Зелимхан Өздиевке есе жіберді. Ал Ертуған Төреновтің (суретте ақ кимонода) жартылай финалға шығу мүмкіндігі бар еді. Бельгиялық Сами Чучи мен белорусь Вадим Шокты жеңген соң, Ертуған германиялық Кристофер Велкпен кездесіп, ұтылып қалды. Ал жұбаныш белдесуінде біздің спортшы украиндық Владимир Сорокадан жеңілді.
81 келі. Әзиз Қалқаманұлы мен Әділет Мисин екінші кезеңде жеңіліс тапты. Хорват Томислав Марьянович пен британдық Том Ридтерді жеңген соң, екі дзюдошымыз тиісінше ресейлік Мұрат Хабачиров пен бельгиялық Йоахим Боттодан ұтылды.
Әзірге, біздің қоржынымызда Елдос Сметов жеңіп алған жалғыз күміс жүлде бар.
0 пікірлер