Жаңалықтар

14:17 | 17 ақпан 2014
2014 жылдың 15 – 16 ақпаны арылығында Римде өткен «Еуропаның Ашық Кубогы» халықаралық турниріне еліміздің әйелдер құрамасы қатысты. Алайда Қазақстан дзюдошыларына жүлдеге ие болу мүмкін болмады. Естеріңізге салайық, айтулы додада Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады. Олар: 48 келі салмақ дәрежесіне дейін 2011 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Байқұлова Айгүл, осы салмақ дәрежесінде Лондондағы олимпиадаға қатысқан, Әлем Гран-прилерінің қола жүлдегері Подрядова…
11:07 | 14 ақпан 2014
2014 жылдың 20-23 ақпан аралығында Тараз қаласында 1994-1995 жылғы жастар арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өткізіледі. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан спортшылар қатысады. Жеребе тарту рәсімі 20 ақпанға жоспарланған.
11:38 | 12 ақпан 2014
2014 жылдың 15 – 16 ақпаны аралығында Римде дзюдодан «Еуропаның ашық Кубогы» халықаралық турнирі өткізіледі. Айтулы спорт додасында ел намысын Қазақстанның әйелдер құрама командасы қорғайтын болады. Қазір спортшылар Римде дайынық үстінде. Жарысқа қатысушыларды тіркеу және жеребе тарту рәсімі 14 ақпанда басталмақ. Команда құрамы: Байқұлова Айгүл Александра Подрядова Мариан Урдабаева Динара Құдарова Альбина Амангелдиева
13:32 | 10 ақпан 2014
Атырауда 2014 жылдың 6-10 ақпаны аралығында 1997 - 1998 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Оған еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларының 600-ге жуық спортшылары қатысты. Жарыс жеңімпаздары (ұлдар): 46 келіге дейінгі с/д жеңімпаз - Әбілдә Б. (Қызылорда облысы) 50 келіге дейінгі с/д жеңімпаз - Омар Ж. (Қарағанды облысы) 55 келіге дейінгі с/д жеңімпаз…
19:17 | 07 ақпан 2014
2014 жылдың 7 ақпанында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында «Дзюдо федерациясы» РҚБ атқарушы директоры Жылқыбаев Самат Сәбитұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Атырау облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Раушанов Асан Сайынұлына аймақтағы дзюдоның дамуына үлесін қосқаны үшін алғыс хат табыс етті және федерация атынан «Атырау облысындағы дзюдо күресі федерациясы» ҚБ татамиді сыйға тартты.

Әлеуметтік желідегі парақшалар