Балуан қыздар бірінші айналымда сүрінді
18:09 | 29 наурыз 2014
Дзюдодан Қазақстан қыздар құрамасы Самсундегі Гран-при сайысын аяқтады.
Бүгін татамиге шыққан Жәкен Саламатов шәкірттері жанкүйерді жақсы нәтижемен қуантаалған жоқ. 63 келідегі Анар Жұмабаева мен Мариан Ордабаева тиісінше түркиялық Өзге Ақарсу пен швециялық Миа Хермансоннан ұтылып қалды. Ал 70 келіде сынға түскен Зәмзәгүл Файзолланова мен Динара Қодарова (суретте көк кимонода) словениялық Анка Погачник және түркиялық Эсин Таскайдан айла асыра алаған жоқ.
Қыздарымыздың барлығы да бірінші белдесулерінде жеңіліп қалды.
0 пікірлер