Жаңалықтар

16:00 | 29 тамыз 2013
Айбек Имашев, дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы, бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегері. Жақында ғана 21 жасқа толған ол жастар құрамасынан ересектер қатарына биыл ауысып отыр. -Ересектер командасындағы жағдайыңыз қалай? - Өте жақсы. Бір жағынан сол баяғы бапкерлерім қалды, және ұлттық құрамада жаттығып жатырмын. Бұл жаттықтырушылар штабымен 2009 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Сол баяғы ырғақпен, сол баяғы құрамамен жаттығудамын. Білмегенімді…
10:00 | 29 тамыз 2013
Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында кеше, 28 тамызда Қазақстанның атынан бір ғана өкіл өнер көрсетті, ол - 73 кг дейінгі салмақ санатындағы Дастан Ықыбаев. Мойнына жүктелген үлкен жауапкершілікті сезінген біздің спортшы жаттықтырушылар мен жанкүйерлердің сенімдерін ақтауға бар күш-жігерін салды. Бірінші айналымда Қытай, одан кейін Изариль спортшысын жеңген Дастан, грузин спортшысы Таталашвилимен болған кездесуде де жеңіске деген барлық еркін…
09:00 | 28 тамыз 2013
Асхат Жіткеев: «Өмірімнің басты жетістігі неде?» Қазақстандық дзюдоның мақтанышы Асхат Жіткеевтің естеліктері, өткені мен бүгіні, Бейжің Олимпиадасы туралы ойлары.. *** Мен қазіргі күніме дән ризамын. Спорттық мансабымды аяқтағаннан кейін үйлендім, екі балам бар. Алматыда тұрамын, Дзюдо федерациясында Даму жөніндегі директор болып қызмет етемін. Не айтайын. Отандық дзюдо өте жақсы дамып келеді. Бізде әлем чемпиондары да, ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары да…
09:00 | 28 тамыз 2013
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан әлем чемпионатында сейсенбі, 27 тамызда, қазақстандық дзюдошы Азамат Мұқанов 66 кг дейінгі салмақ санатында күмістен алқа тақты. Финалға дейін ол барлық қарсыласын (Ресей, Сингапур, Ұлыбритания, Жапония спортшыларын) тізе бүктіріп келді, ал жартылай финалда Еуропа және әлем чемпионы украиналық Георгия Зантарайды жеңді. Өкінішке орай, финалдық кездесуде Азамат жапон спортшысы, 2011 жылғы әлем чемпионы Масаши Эбинумға есе жіберді. Сөйтіп,…
15:00 | 27 тамыз 2013
Дзюдодан болатын Әлем чемпионатына санаулы күндер қалды, сол себепті біздің спортшылар Рио-де-Жанейроға алдын-ала дайындықтардан өтіп, климатқа бейімделу үшін аттанып кетті. Бурабайдағы соңғы оқу-жаттығу жиындарында дзюдодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ермек Иманбековпен сұхбаттасудың реті түскен еді. Бұған дейін ол дзюдодан жастар құрамасын жаттықтырып келген. Ал 2013 жылдың наурызынан бастап ересектер командасының тізгінін өз қолына алды. Естеріңізге сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты…

Әлеуметтік желідегі парақшалар