Жаңалықтар
11:31 | 02 наурыз 2015
Жарыс 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірінен 418 спортшы қатысты. Командалық есепте жарыс қорытындысы төмендегідей:
1.Оңтүстік Қазақстан облысы
2.Қызылорда облысы
3.Астана қаласы
19:48 | 01 наурыз 2015
Жарыс ақпан айының 28 мен наурыздың 1 аралығында Польшада (ерлер арасында) және Чехияда (қыздар арасында) өткізілді. Альбина Амангельдиева 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының спортшысы және ҚР спорт шебері.
22:11 | 28 ақпан 2015
Польшада өтіп жатқан "European Open" жарысында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Жұмаханов күміс жүлдегер атанды. Ал, 60 келі салмақта Гумар Қырғызбаев қола медальді қанжығасына байлады. Естеріңізге салайық, бүгін басталған жарыс 1-ші наурызға дейін жалғасады. Ертең татамиге 81, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады.
20:37 | 27 ақпан 2015
Жарыс 27 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткізіледі. Оның ашылу салтанатында Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек Сәменбекұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Атырау қаласы әкімі, жергілікті дзюдо федерациясының басшысы Ожаев Нұрлыбек Жұмахметұлына өңірде дзюдо күресін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, Астанада өтетін әлем біріншілігінің құрметті қонағы болуға шақырды. Өз кезегінде шаһар басшысы аймақта 2016 жылы…
13:48 | 21 ақпан 2015
Қазақ дзюдошысы Рустам Ыбраев Германияда өткен "Grand Prix" жарысында қола медальді ұтып алды. 60 келі салмақта күрескен спортшымыз алғашында британдық спортшы Эшли Маккензиден басым түсіп, келесі кездесуде әлем чемпионы жапониялық Наохиси Такатоны жеңді. Жартылай финалда ол әлем чемпионатының жүлдегері оңтүстік кореялық Ким Вон Джинға есе жіберіп алды. Жұбаныш белдесуде Рустам француздық Винсента Лимарды «иппон» әдісімен жеңді . Қола үшін күресте…