Азия чемпионаты. Бірінші күннің қорытындысы

23:16 | 13 мамыр 2015

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Елдос Жұмаханов жарысты бірден екінші айналымнан бастады. Алғашқы қарсыласы үнділік спортшыны жеңіп, келесі кездесуінде екі дүркін әлем біріншілігі, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері өзбек дзюдошысы Ришод Собировтан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда жартылай финалда жапондық Томофуми Такаджоға жол беріп, үшінші орынға күресінде қытайлық Дуанбин Маны жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, 63 келіге дейінгі салмақта Мариан Урдабаева үшінші орын алды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар