Дзюдан Қазақстан чемпионаты. Екінші күн.
Қарағандыда жазғы Спартакиада аясында дзюдодан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні басталды.
73 келі салмақ дәрежесінің финалында қарағандылық Қайрат Ағыбаев пен алматылық Нұрлыхан Сүйінбай кездесіп, татами қожайыны жеңіске жетті. Азамат Мұқанов (БҚО) және Әділ Әбдрахманов (СҚО) қола жүлдегерлер атанды.
81 келіде Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Елдар Зәріпқанов чемпион атанды. финалда ол павлодарлық Арман Махамбетовты жеңді. Үшінші орынды Сұңғат Закарияев (Атырау облысы) пен Ерназар Хамзин (БҚО) алды.
90 келіде Қарағанды облысының дзюдошысы Ислам Бозбаев шешуші сында Мақсат Исағабыловты (Қызылорда облысы) жеңіп, алтын медальді жеңіп алды. Аңсар Хамзин (БҚО) мен Александр Касачев (Алматы облысы) қола медальді иеленді.
Әйелдер бәсекесінде 63 келіде ел чемпионы атанған спортшы белглі болды. Финалда Алтынай Хаби (Астана) мен Мариян Ордабаева (Алматы) белдесіп, Мариян жеңіске жетті. Осы салмақта үшінші орын Аққал Өтебек (Маңғыстау облысы) пен Ажар Салықоваға (Қарағанды облысы) бұйырды.
70 келіде Қарағанды облысының спортшысы Ділбәр Өмірәлиева топ жарды. Екінші орында Қызылорда облысының өкілі Динара Құдарова. Зәмзәгүл Файзоланова (Алматы) және Жанар Қашқын (Алматы облысы) үшінші орынға табан тіреді.
Ертең, 16:00 әйелдер арасында 78 келі және 78-ден жоғары салмақта, ерлер арасында 100 келі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінің финалдық белдесулері өтеді.
0 пікірлер