Азия чемпионаты. Екінші күннің қорытындысы
Азия біріншілігінің екінші күні қазақ дзюдошылары үшін жемісті болды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Максим Раков алғашқы кездесуінде моңғолиялық Ариун –Эрден Батбаярды жеңді,келесі тәжік спортшысы Саиджалол Саидовтан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алу үшін Қырғызстан дзюдошысын тізе бүктірді. Ақтық сында қарсыласы жапондық Кайхан Такагиге ұтылып, күміс медаль еншіледі. 100 келіден жоғары салмақта Ержан Шынкеев үшінші орынға кездесуінде моңғолдық Темулен Баттулганы ұтып , қола жүлдені жеңіп алды. Қыздардан Гүлжан Исанова жарысты екінші айналымнан бастап, моңғол балуанынан басым түсті. Мұнан соң қытайлық қызға жеңіліп, үшінші орын үшін қырғыз дзюдошысы Нагира Сарбашованы ұтты, сөйтіп қола медаль иегері атанды. Ертең спортшылар командалық белдесулерге шығады.
0 пікірлер