Жаңалықтар

11:01 | 19 қаңтар 2015
Қаңтар айының 15-18 аралығында Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасында қысқы демалыс күндеріне арналған дәстүрлі ашық республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің 10 облысынан және Қырғызтаннан екі команда қатысты. Жалпы саны 500- ге тарта спортшы бақ сынады. Жарыстан соң оқу –жаттығу жиыны басталды. Оған 10 облыстан, 100-ден астам спортшы қатысуда.
12:10 | 13 қаңтар 2015
Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы Моңғолия Республикасының дзюдо федерациясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа сай тараптар өз мемлекеттерінде өткізілетін спорттық іс-шаралар туралы ақпаратпен, дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларымен, ұлттық құрама командаларды дайындау мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік құралдарымен бөліседі. Сонымен қатар, спорттық ғимараттар құрылысы, оларды пайдалану және басқару, спорттық маркетингті дамыту тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасу көзделген.
12:41 | 09 қаңтар 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, федерацияның Вице-президенті Өтелбаев Сәкен Маратұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!
12:23 | 08 қаңтар 2015
Жастар арасында әлем біріншілігінің күміс жүлдегері (Югославия, 1994 жыл), жастар арасында әлем біріншілігінің алтын медаль иегері (Болгария, 1995 жыл), ересектер арасында Азия чемпионы (1995, 1996 жылдары), ересектер арасындағы әлем біріншілігінің қола жүлдегері (Жапония, 1996 жыл), дзюдо күресінен спорт шебері Өзіңіз қай кезден бастап спортпен айналыса бастадыңыз? -Самбо күресін 5 –ші сыныптан бастадым. 1994 жылы жастар арасында өткен ел біріншілігінде жеңімпаз…
14:23 | 31 желтоқсан 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Өтіп бара жатқан 2014 жыл спорт әлеміндегі біздің отандастарымыздың жарқын жеңістерімен есте қалды. Жыл бойына қазақ спортшыларының бағындырған талай белестерін назардан тыс қалдырмадық. Артылған үмітіміз ақталды. Сіз бен бізді бір арнаға тоғыстырған - спортқа деген махаббат. Сондықтан санаулы күнде есігін айқара ашатын ғасырдың…

Әлеуметтік желідегі парақшалар