Жаңалықтар

22:49 | 19 ақпан 2016
Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан «Grand Prix» жарысының алғашқы күні қазақ құрамасы үшін сәтті болды. Елдос Сметов өз тобында литвалық Андрей Клоковты, Моңғолия өкілі Цогтбаатар Цендочирді, ресейлік Беслан Мудрановты жеңіп, жартылай финалда түркия балуаны Бекер Озлуға сан соқтырды. Ақтық кездесуде 60 келі салмақ дәрежесінде әлем рейтингісінің көшін бастап тұрған кәріс Ким Вон Джимен кездесті. Нәтижесінде Елдос есе жіберіп, күміс жүлдені…
20:36 | 19 ақпан 2016
Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан «Grand Prix» жарысында өз тобында барлық қарсыластарын жеңіп шыққан қос спортшымыз финалға жолдама алды. Ақтық сындағы екеуініңде қарсыластары осал емес, Галбадрах өткен жылы Астанада алғашқы айналымда жеңіліп қалған қарсыласы кәріс қызы Джеонг Бо Кеонгпен тағы кездеседі, ал Елдос Сметов 60 келі салмақта әлем рейтингісінің көшін бастап тұрған Ким Вон Джимен күреседі.
18:52 | 19 ақпан 2016
Бүгін Өскемен қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы ел біріншілігінің алғашқы күні аяқталды. Еліміздің барлық өңірлерінен 440 спортшы қатысып отырған турнирдің жеңімпаздары келесідей: -55 келі Алған орыны Спортшының аты жөні Облыс І Рамазанов Қанат ШҚО ІІ Сейлхан Қанат Атырау обл ІІІ Тәттібай Дидар Қызылорда обл ІІІ Сюкенов Даурен Алматы обл V Сенғалиұлы Нұрболат Маңғыста у обл V Жолдасқалиев Қазбек БҚО -60…
16:56 | 19 ақпан 2016
Бүгін Өскемен қаласында жастар арасында ел біріншілігі басталды. Жарысқа 14 облысы пен Алматы және Астана қалаларынан 440 споршы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатына республикалық дзюдо федерациясы атынан атқарушы директор Жылқыбаев Самат Сәбитұлы қатысты. Турнир бағдарламасы: 19 ақпан 10:00 Келесідей салмақ дәрежелеріндегі жарыстың басталуы: ұлдар: -55келі, -60келі; қыздар: -44келі, -48келі, -52 келі; 16:00 Ашылу салтанаты (уақыты қосымша нақтыланады) 16:30- 19:00 Финалдық бөлім…
10:24 | 18 ақпан 2016
Осы демалыс күндері дзюдо сүйер қауымды екі бірдей жарыс күтіп тұр. Бірі Өскемен қаласында жастар арасында өтетін ел біріншілігі. Жас спортшылар үшін жастардан құралған ұлттық құрама сапына қосылуларына мүмкіндік болады және аталмыш жарыс Азия біріншілігіне қатысатын спортшыларды іріктеу екенін еске саламыз. Екінші жарыс ересектер арасында өткізілетін Германиядағы «Grand-Prix». Оған бірінші нөмірлі спортшыларымыз қатысады. Айта кету керек, бүгінгі таңда еліміздің құрамасы…

Әлеуметтік желідегі парақшалар