Жаңалықтар
10:57 | 30 желтоқсан 2016
Қазақстан дзюдо федерациясы баршаны жаңа жыл мерекесімен құттықтайды! 2017 жыл Қазақстан үшін толағай табыс әкелсін!
15:51 | 23 желтоқсан 2016
2016 жыл қазақстандық дзюдошылар үшін табысты жыл болды десек артық айтпаймыз. Бір жылда екі Әлем Чемпионы, ең бастысы, төрт жылдықтың басты бәсекесінде екі медалді қанжығаға байладық. Бұл Қазақстан дзюдо тарихында алтын әріптермен жазылатын жетістік. Елдос Сметов - Олимпиада ойындарында дзюдодан Асхат Жіткеевтің ерлігін қайталаса, Галбадрах Отгонцэцэг – дзюдодан Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық әйел спортшы атанды. Жылдың басты жетістігі…
10:43 | 23 желтоқсан 2016
Бүгін ҚР қыздар ұлттық құрама командасының аға бапкері Данайбаев Марат Қуанышұлының туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Марат Қуанышұлын туған ккүнімен құттықтайды. Отбасына амандық, женіне саулық, қызметіне табыс тілейміз! Және де шәкірттерінің Олимп шыңын бағындыруына тілектеспіз!
21:01 | 19 желтоқсан 2016
Алматыда Дзюдо академиясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар аяқталды. Жаттықтырушыларға арналған семинар Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті мен Қазақстан Дзюдо Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. 14-19 желтоқсан күндері семинарды Австриядан келген IJF өкілі Дани Джордж ағылшын тілінде өткізді.
Семинар мақсаты– дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға…
11:34 | 17 желтоқсан 2016
Қазақстан дзюдо федерациясы төрешілік жөніндегі директор Нұртазин Мұхсинді туған күнімен құттықтайды! Отбасына амандық, деніне саулық, жұмысына толағай табыс тілейміз!