Максим Раков - «Grand Prix» турнирінде күміс медаль иеленді
21:15 | 09 сәуір 2017
Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан халықаралық «Grand Prix» турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан 8 дзюдошы татамиге шықты.
100 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз Максим Раков жартылай финалда Ресей спортшысы Нияз Ильясовты қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып, финалға шыққан болатын. Финалдағы қарсыласы ресейлік Адлан Бисултановқа вазари ұпайымен есе жіберіп, халықаралық «Grand Prix» турнирінің күміс медаль иегері атанды.
Қазақстан ұлттық құрамасы қазірше 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен жалпы командалық есепте 2 орында тұр.
0 пікірлер