Қазақстан құрамасы «Grand Prix» турнирін ІІ орынмен аяқтады

01:00 | 10 сәуір 2017
  • Түркияның Анталия қаласында кезекті «Grand Prix» турнирі өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасының спортшылары ел намысын абыроймен қорғап, екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен жалпы командалық есепте жарысты екінші орынмен аяқтады.
2f975af5a5bf550aaf1a7b7bf797e800.jpg

48 kg

1. GALBADRAKH, Otgontsetseg (KAZ)
2. RISHONY, Shira (ISR)
3. GILIAZOVA, Sabina (RUS)
3. MINSKER, Noa (ISR)

Жарыстың алғашқы күнінде, 7 сәуір күні татамиге шыққан жеті дзюдошымыздан Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) екеуі турнир жеңімпазы атанып, қос алтынды қоржынға салса, Азамат Мұқанов (66 кг) пен Севера Нышанбаева (57 кг) жұбаныш белдесуінде қарсыластарына есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.

cdcbf5bd4695210c4aaca524825da4c8.jpg

60 kg

1. KYRGYZBAYEV, Gusman (KAZ)

2. OZLU, Bekir (TUR)

3. BAYARAA, Amartuvshin (MGL)
3. KABA, Ahmet Sahin (TUR)

8 сәуір күні ерлер -73 кг және -81 кг , әйелдер -63 кг және -70 кг арасында өзара мықтыларды анықтады. Жарыстың екінші күнінде де Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалмады. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен бұрымды балуанымыз Мариан Урдабаева финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, күмісті місе тұтты.

409197a225ceacf503cd3345e164021a.jpg

63 kg

1. UNTERWURZACHER, Kathrin (AUT)

2. URDABAYEVA, Marian (KAZ)

3. HAECKER, Katharina (AUS)

3. PIOVESANA, Lubjana (GBR)

«Grand Prix» турнирінің соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен тәжірибелі балуанымыз Максим Раков турнирдің күміс жүлдегері атанса, қыздарымыздан 78 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Зарина Райфова мен Альбина Амангельдиева қос қола медаль иеленді.

44c4ebe96212ca13dab02c2888523d0c.jpg

-78 kg

1. DMITRIEVA, Anastasiya (RUS)

2. MAYERSOHN, Yarden (ISR)

3. AMANGELDIYEVA, Albina (KAZ)

3. RAIFOVA, Zarina (KAZ)

e9341d5194201f22a45cfa9043c49148.jpg

-100 kg

1. BISULTANOV, Adlan (RUS)

2. RAKOV, Maxim (KAZ)

3. ILYASOV, Niyaz (RUS)

3. MAMMADOV, Elkhan (AZE)

7-9 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық «Grand Prix» турниріне Қазақстан құрамасынан қатысқан 22 дзюдошымен қатар, 34 елден 252 спортшы қатысты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар