Жаңалықтар

00:14 | 15 желтоқсан 2016
Алматыда 14 желтоқсан күні ҚР Дзюдо Федерациясының ұйымдастыруымен дзюдодағы жаңа өзгерістерге байланысты баспасөз жиыны өтті. Жиын барысында Халықаралық Дзюдо Федерациясының өкілі Дани Джордж журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. ҚР Дзюдо Федерациясы дамуы жөніндегі директор Асхат Житкеев 14-19 желтоқсан аралығында өтетін жаттықтырушыларға арналған курстың мақсаты, сонымен қатар дзюдодағы жаңа өзгерістерге қатысты өз пікірін айтып өтті. Баспасөз жиынынан кейін ҚР Дзюдо…
17:32 | 14 желтоқсан 2016
Алматыда Қазақстан Дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен дзюдодан жаттықтырушыларға арналған арнайы техникалық семинар басталды. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып жатқан аталмыш ашарның мақсаты – дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайту. Семинардың алғашқы күнінде IJF өкілі Дани Джордж (Австрия) жаттықтырушыларға теориялық тұрғыда дәріс жүргізді. Сонымен қатар, Дани Джордждың қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз…
11:16 | 13 желтоқсан 2016
Құрметті БАҚ өкілдері! Алматы қаласы Дзюдо академиясында 14-19 желтоқсан күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен жаттықтырушыларға арналған халықаралық техникалық семинар өтеді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараға шет елден білікті бапкерлер теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, жаттықтырушылардың біліктілігін арттырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті мен Халықаралық Дзюдо Федерациясының ережелеріне сәйкес жаттықтырушыларға арналған курс екі деңгейде өткізіледі. Халықаралық…
16:53 | 12 желтоқсан 2016
Бұл алдағы олимпиада циклінде жүзеге асырылатын болады. Ережені өзгертудегі басты мақсат — дзюдо шарттарын xалыққа оңай түсіндіру. Халықаралық деңгейдегі тестілеуден өткізу уақыты 2017 жылдың қаңтарынан басталып, тамыз-қыркүйек айларындағы Будапештте өтетін әлем чемпионатынан кейін аяқталмақ. Жаңа ережелер мынадай болмақ: — Ерлер мен әйелдер бәсекесіндегі белдесу уақыты — төрт минут; — Енді дзюдода тек вадзари және иппон болады. Бұрынғыдай юко деген ұпай…
11:40 | 12 желтоқсан 2016
Алматыда Дзюдо академиясында 14-19 желтоқсан күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР Дзюдофедерациясының ұйымдастыруыменжаттықтырушыларға арналған халықаралық техникалық курс өтеді. Қазақстанда мұндай курс алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға және коучинг тәжірибесін нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар бапкерлер курсы Қазақстанның барлық спорт мектептеріне ұсынылады (балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, спорт…

Әлеуметтік желідегі парақшалар