Альбина Амангельдиева - «Grand Prix» турнирінің қола медаль иегері

20:37 | 09 сәуір 2017

Дзюдодан Анталияда өтіп жатқан халықаралық «Grand Prix» турнирінің үшінші күнінде Қазақстан құрамасынан 8 дзюдошы татамиге шықты.

78 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін іркілмеген отандасымыз Альбина Амангельдиева Израиль спортшысы Ярден Маерсенге есе жіберіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған болатын. Шешуші белдесудің негізгі уақыты тең аяқталғанымен, қосымша уақыт қазақстандық спортшының еншісіне шешіліп, Альбина Амангельдиева «Grand Prix» турнирінің қола медаліне ие болды.

Қазақстан ұлттық құрамасы қазірше 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпы командалық есепте 1 орында тұр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар