Жаңалықтар
16:36 | 31 тамыз 2018
Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Ол жұбаныш финалында Моңғолия спортшысы Мунхтуя Баттулганы жеңіп, ел қоржынына дзюдодан Азия ойындарының үшінші қоласын салды.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Джакартада дзюдодан Дидар Хамза чемпион атанса, Отгонцэцэг Галбадрах, Елдос Жұмақанов қола медаль алған болатын.
17:23 | 30 тамыз 2018
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдошымыз Дидар Хамза 81 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.
Ол алғашқы белдесуде тайланд дзюдошысы Масаюки Тераданы, ал ширек финалда моңғолиялық Уганбаатар Отгонбаатарды жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда жапон жампозы Такеши Сасакиді уақытынан бұрын иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Финалдық белдесуде отандасымыз әлем рейтінгінде бірінші орында тұрған Иран спортшысы Саид Моллоиден…
12:33 | 30 тамыз 2018
Қазақстандвқ дзюдошы Дидар Хамза Азия ойындарының финалына шақты. 81 келіге дейін күресетін отандасымыз жартылай финалда жапониялық Такеши Сасакиді уақытынан бұрын таза жеңіп, финалға жолдама алды.
Ал бұрымды балуандарымыздан Севара Нишанбаева мен Зере Бектасқызы қола медаль үшін жұбаныш финалында белдеседі.
Финалдық кезеңдер Астана уақытымен сағат 15:00- де басталады.
18:33 | 29 тамыз 2018
Бүгін Джакартада өтіп жатқан Азиа ойындарында дзюдо бойынша сайыстар басталып, жеңіл салмақтағы мықтылар анықталды.
Жарыстың бірінші күнінде балуандар төрт салмақ дәрежесінде, атап айтқанда, ерлер 60 пен 66 келіге дейінгі салмақта күрессе, бұрымды балуандар 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Қазақстан сапынан татамиге 4 дзюдошы шығып, оның екеуі жеңіс тұғырынан көрінсе, өкінішке қарай, екеуі жарысты жүлдесіз аяқтады. Кәмшат Қарасайқызы…
17:42 | 29 тамыз 2018
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Елдос Жұмақанов ел қоржынына тағы бір қола медаль салды.
Ол жұбаныш белдесуінде Катар спортшысы Аюб Элидриссиді уақытан бұрын жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Елдос Жұмақанов алғашқы белдесуінде филиппиндік Шуген Наканомен кездесіп, уақытынан бұрын таза жеңіске ие болды. Ширек финалда моңғол балуаны Эрхембаяр Баттогтохтан айласын асырып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда…