Жаңалықтар

12:30 | 27 тамыз 2018
Қазақстандық дзюдошылар Бекарыс Сәдақас пен Маргарита Гриценко Буэнос Айресте өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады. Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі, ал Маргарита Гриценко 78 келіге дейінгі салмақта бақ сынайды. Айта кетерлігі, қазақстандық қос дзюдошы да халықаралық дзюдо федерациясының жасөспірімдер Олимпиада рейтингінде ең жоғары ұпаймен өз салмақтарында көш бастап тұр. ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан күндері Аргентина астанасы Буэнос Айресте өтеді.
22:59 | 18 тамыз 2018
Бүгін Белоруссия астанасы Минск қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар Отгонцэцэг Галбадрах алтын, Есет Қуанов күміс жүлде еншілеп, ел қоржынына екі медаль салды. 48 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанамыз Отгонцэцэг Галбадрах қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда ресейлік дзюдошы Татьяна Аякинадан басым түсті. Ал, ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Есет…
10:39 | 15 тамыз 2018
18-19 тамыз күндері Белорусияның Минск қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогы өтеді. Оған Қазақстан құрамасынан 27 дзюдошы қатысады: Ерлер: Қанат Сейілхан (60 кг) Ержан Еренқайыпов (60 кг) Рамазан Мамаев (60 кг) Қайрат Ағыбаев (66 кг) Есет Қуанов (66 кг) Мадияр Сембаев (73 кг) Ақылбек Серік (73 кг) Руслан Мұсаев (81 кг) Бейбіт Мадиев (81 кг) Дәулетхан Жақыпов (90…
15:58 | 14 тамыз 2018
Джакартада өтетін XVIII Азия ойындарында Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы 3 жүлде алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасының бас бапкері Марат Данайбаев мәлімдеді. - Қазіргі таңда дзюдодан әйелдер құрамасы Азия ойындары алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарына дайындалуда. Әдеттегідей, Азия ойындарына қатысушылар 2018 жылдағы ресми жарыстардағы көрсеткіштеріне қарай жасақталды. 7 салмақ бойынша татамиде күресетін қыздар құрамасына 1 алтын…
10:55 | 03 тамыз 2018
18 тамыз бен 2 қыркүйек күндері Индонезияда Азия ойындары өтеді. XVIII жазғы Азия ойындарында 42 спорт түрінен 476 медаль сарапқа салынады. Ал дзюдо бойынша сайыстар 29 тамыз бен 1 қыркүйек күндеріне белгіленген. Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы жылдың басты додасына қатысу үшін 25 тамыз күні Индонезияға аттанады. - Қазіргі таңда Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Жақсы» спорт базасында Азия ойындары…

Әлеуметтік желідегі парақшалар