Польшадан жастар жүлдемен оралды

16:55 | 26 қараша 2018

24-25 қараша күндері Польшаның Олесница қаласында дзюдодан жастар арасында халықаралық турнир өтті. Турнирге 21 елден 347 татами шебері қатысты. Қазақстан жастар құрамасынан 15 дзюдошы қатысып, оның 7-еуі жүлдемен оралды. Хатип Арсен мен Мықтыбеков Нұрбек баптайтын жастар құрама командасы медаль саны бойынша командалық есепте бірінші орынға иеболды.

Назарларыңызға жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

Алтын
Ерлан Уналов (55 кг)
Билал Болат (60 кг)
Сәлімбаев Нұрзат (66 кг)
Шынтас Серікболсын (90 кг)
Күміс
Әбілхайыр Ұлықбек (55 кг)
Қола
Алмазұлы Сүйініш (55 кг)
Мұқышев Айбар (73 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар