Ақтауда Халық батыры Шотан батырды еске алуға арналған дзюдодан турнир өтті
17:43 | 28 қараша 2018
23 қараша күні рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесіне орай Маңғыстау облысың дзюдо федерациясымен Шотан батыр қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысының әкімінің қолдауымен Халық Батыры Шотан Назарұлы атында дзюдодан2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы IV Республикалық ашық турнирі өтті. Жалпы жүлде қоры 630 мың теңгені құрайтын жарысқа Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан 300-ге жуық спортшы қатысты. Жеңімпаз атанған спортшылар 15 мың теңгеге ие болса, екінші орын иеленген спортшы 10 мың, ал үшінші орынға тұрақтаған спортшылар 5 мың теңмеген марапатталды.
0 пікірлер