Жансай Смағұлов "Grand Slam" жарысында 5-орын алды

15:18 | 24 қараша 2018

Жапонияның Осака қаласында дзюдодан өтіп жатқан "Grand Slam" жарысында қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов 5-орын алды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз жұбаныш финалында жапон балуаны Арата Тацукауаға жол берді.

Жансай Смағұлов "Grand Slam" жарысының ширек финалына дейін жңіліссіз келген еді. Алғашқы қарсыласы ресейлік Саян Ондарды жеңген соң, жапониялық Рентаро Ногамиді ұтты. Жартылай финалдық жолдама үшін канадалық Артур Маргелидонмен күресіп, иппон ұпайымен есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алған болатын.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар