Жаңалықтар

14:49 | 11 қазан 2013
Қазақстандық дзюдошы Гүлжан Исанова (+78 кг) Алматымен Ташкентте өткен Әлемдік Гран-придегі қос жеңісінен кейін 600 ұпай еншілеп, әлемдік рейтингтің үздік сегіздігіне ілінді. Сондай-ақ,басқа да отандық дзюдошы қыздарымыз нәтижелерін жақсартты: Мариан Ордабаева (63 кг) – 34-ші орын Альбина Амангелдиева (78 кгдейін) – 24-ші орын Александра Подрядова (48 кг) – 19-шы орын
10:35 | 08 қазан 2013
Дзюдо федерациясы, Ауыр атлетика федерациясы мен Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы сайттарының жаңа нұсқалары таныстырылды. Жаңартылған порталдар енді бір стильде және өздері мүше болып табылатын Спорттық жекпе-жектер федерациясының ресми сайтының тармақтары ретінде жұмыс істейтін болады. Сайттарда өзекті жаңалықтар, спорттық жарыстардың нәтижелері, спортшылар мен бапкерлердің сұхбаттары жарияланады. Сонымен бірге федерациялардың тарихы, басшылығы, ұлттық құрамалардың құрамы мен бапкерлер туралы толыққанды ақпараттармен,…
19:35 | 06 қазан 2013
Ташкентте өткен дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің қорытынды күні біздің қыздарымыз қуантты! +78 кг салмақ санатында Гүлжан Исанова алтыннан алқа тақты! Осыдан бір апта бұрын ол Алматыда өткен турнирде де (суретте –ортадағы) жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Ташкент турнирінде Гүлжан жартылай финалда өзбек қызы Анаргүл Өтееваны жеңсе, шешуші кездесуде моңғолиялық балуан қыз Джавзма Одхуды жеңді. 78 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен…
17:20 | 06 қазан 2013
Екі Әлемдік Гран-придегі екі жеңіліс. Екі финал – екі күміс. Сол белдесулерде алтыннан алқа тағынамын деп үміттеніп, нәтижесінде екінші орыннан көрініп, еріксіз көз жасына ие бола алмағандар бар. Қазақстан құрамасының талантты да, ер мінезді дзюдошысы Александра Подрядова (48 кг) біздің порталдың кезекті қонағы… Шымкенттің 24 жасар дзюдошы соңғы бір-екі аптада біраз сынға кездесіп отыр. Алматы мен Ташкентте өткен Әлемдік Гран-при…
14:49 | 06 қазан 2013
Ташкентте дзюдодан Әлемдік Гран-при турнирінің қорытынды күні басталды. Ерлер арасында 100 кг дейінгі және +100 кг жоғары салмақ санаттарындағы жеңімпаздар анықталады. Өкінішке орай, турнир бұл салмақ санаттарында қазақстандық балуандар үшін ерте аяқталды. Адам Богатырев пен Дархан Темірханов (екеуі де – 100 кг дейінгі салмақ санаты) бірінші кездесулерінен әрі аса алмады. Адам Богатырев беларусь балуаны Алан Хунайдан жеңілсе, Дархан Темірханов өзбек…

Әлеуметтік желідегі парақшалар