Жаңалықтар

13:01 | 22 желтоқсан 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерация «Жеке бапкер» атты мобильдік қосымшаны әзірледі. Спортпен шұғылданып, үнемі бабыңызда жүруге шақыратын «Жеке бапкер» қосымшасы өз жетістігіңізді достарыңызбен бөлісуге, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану турасында мол ақпарат алуға, пайдалы жаттығу бағдарламасын дайындауға көмектеседі. Пайдаланушыларға «Жеке бапкердің» келесі бөлімдері қолжетімді: - Жаттығулар – бұлшық еттер тобын шынықтыруға арналған алуан түрлі жаттығулар жинағы…
11:26 | 19 желтоқсан 2014
Астанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатта Қазақстанның танымал спортшылары мектеп тәрбиеленушілерімен кездесті. Шеберлік сабақтарын өткізуге таеквондодан Олимпиада ойындарының жүлдегері Арман Шылманов пен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері Владимир Седов және кадеттер арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Бауыржан Жауынтаев келді. Кездесу барысында мектеп-интернатта үздік оқыған спортшылар марапатталды. Конфедерация атынан оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, танымал спортшылар жас…
01:43 | 16 желтоқсан 2014
Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы баршаңызды еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды! Егемен еліміздің іргесі берік, аспанымыз ашық болсын! Біздің ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі асқақтай берсін!
17:52 | 15 желтоқсан 2014
11-14 желтоқсан аралығында Гонконгта жастар және жасөспірімдер арасында Азия біріншілігі өткізілді. Қазақстан намысын қорғап, жеңімпаз атанған дзюдошылар тізімін ұсынамыз: Жасөспірімдер Ұлдар: Омар Жанболат (50 келі с\д, қола) Шамшадин Мағжан (55 келі с\д, қола) Тургунов Нодир (60 келі с\д, қола) Хамза Дидар (73 келі с\д, алтын) Абдулла Еркебұлан (90 келі с\д жоғары, қола) Қыздар: Науатбек Акмарал (40 келі с\д, алтын) Мұрат…
04:03 | 14 желтоқсан 2014
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды. І дәрежелі «Барыс» орденімен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының төрағасы, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев марапатталды. «Барыс» ордені 1999 жылы бекітілген. • Қазақстан Республикасынын мемлекеттігі мен егемендігін нығайту iciнe; • бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге; •…

Әлеуметтік желідегі парақшалар