Жаңалықтар

22:50 | 22 тамыз 2015
Ертең 23 тамыз күні сағат 14.30 «Риксос» қонақ үйінде Халықаралық дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен ресми баспасөз-конференциясы өткізіледі. Оған Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан дзюдо федерациясының басшылығы қатысады деп жоспарланған. Барлық журналистерді шараға қатысуға шақырамыз.
22:37 | 22 тамыз 2015
Астана қаласында өткізілетін әлем біріншілігіне журналистерді тіркеу 22 тамыз күні «Рамада» қонақ үйінде жүргізілді. Алайда тіркеу қағазын алып үлгермеген тілшілер «Алау» мұзайдыны сарайынан алып кете алатынын еске саламыз. Баспасөз орталығына кіру 24 тамыз күні көрермендер кіретін орталық есік арқылы жүргізіледі. Ақпарат орталығы: 8 701 506 9508; 8 701 506 9509
20:42 | 21 тамыз 2015
Астана қаласында өткелі жатқан дзюдодан әлем біріншілігі аясында тұңғыш ресми шара ретінде Бейбітшілік және Келісім сарайында Халықаралық дзюдо федерациясының 2015 жылғы конгрессі ұйымдастырылды.Конгресс Халықаралық дзюдо федерациясының Президенті Мариус Визер мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының тікелей қатысуымен болып өтті. Конгресс барысында ХДФ Президенті және ҚР Мәдениет және спорт министрі сөз алып, жиналысқа қатысушыларға қазіргі таңдағы дзюдо күресінің…
14:26 | 21 тамыз 2015
2015 жылдың 24-30 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы - Астана қаласында елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 137 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады деп жоспарланған. Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 200 журналист тіркеуден өтуге…
12:09 | 21 тамыз 2015
Астанада 24-30-тамыз күндері аралығында өтетін әлем чемпионатының басталуына санаулы күндер ғана қалды. Ел намысын қорғайды деп сенім артқан спортшылармыз бұл сынға сақадай сай. Бурабайдағы қорытынды оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан Ұлттық құраманың бас бапкері Ермек Әбуұлымен дайындық барысы туралы аз-кем сөйлескен едік. Әлем чемпионатына дайындық қалай жүріп жатыр? -Әлем чемпионаты үшін ұзақ уақыттан бері үздіксіз жаттығып, тер төктік. Ұлттық құрамадағы жігіттердің…

Әлеуметтік желідегі парақшалар