IJF дзюдошылар рейтингін жаңартты

10:59 | 30 мамыр 2018

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қытайда өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Халықаралық дзюдо федерациясы бекіткен ережеге сәйкес, жарыста І орын алған дзюдошы 700 ұпай, ІІ орын алған дзюдошыға 490 ұпай, ІІІ орын алған дзюдошылар 350 ұпайға ие болады.

Жарыс чемпионы атанған Елдос Сметов жаңа рейтингте 21-ші орыннан 11-ші орынға көтерілсе, осы жарыста күміс жүлдеге ие болған Ғұсман Қырғызбаев өзінің 7-ші орнын сақтап қалды. 66 келіде қола жүлдегер атанған Елдос Жұмақанов 10 орынға жайғасты.

Жаңартылған рейтнгтегі қазақстандықтар (TOP-50):

60 кг

Ғұсман Қырғызбаев – 7 (3501)

Елдос Сметов – 11 (2523)

66 кг

Елдос Жұмақанов – 10 (2797)

73 кг

Жансай Смағұлов – 9 (2668)

90 кг

Ислам Бозбаев – 12 (2372)

-100 кг

Виктор Демьяненко – 38 (961)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар