Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогынан 7 медаль алды
12:47 | 04 маусым 2018
2-3 маусым күні Австрияның Лейбинц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өтті. 39 елден 580 жас дзюдошылар белдескен бәсеге Қазақстан жастар құрамасынан 30 спортшы татамиге шығып, оның 6-ауы жүлдегерлер қатарынан табылды. Екі алтын, төрт қола медаль иеленген Қазақстан жастар құрама командасы Еуропа кубогында жалпы командалық кестеде 10-орынға тұрақтады.
Жүлдегерлер тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
Күміс – Бауыржан Нарбаев (60 кг)
Күміс – Мөлдір Нарынова (70 кг)
Қола – Арслан Есенгел (60 кг)
Қола - Бақытжан Абдрахманов (66 кг)
Қола – Жанболат Бағтбергенов (73 кг)
Қола – Аңсарбек Ғайнуллин (73 кг)
Қола – Ғалия Тынбаева (48 кг)
0 пікірлер