Жаңалықтар

17:04 | 16 қараша 2017
17-19 қараша күндері Нидерланд елінің Гаага қаласында дзюдодан әлемдік Гран При турнирі өтеді. Аталмыш жарысқа әлемнің 46 елінен 262 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан құрама командасынан 48 келіге дейінгі салмақта Галбадрах Отгонцэцэг қатысады.
21:47 | 13 қараша 2017
Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Кубогы аяқталды. Ерлерден 14, әйелдерден 9 команда қатысқан ел кубогы өте тартысты өтті. Ерлерден финалда Ақтөбе облысы мен Шығыс Қазақстан облысының дзюдошылары белдесті. Финалдық белдесуде Ақтөбеліктер 3:2 есебімен Шығыс Қазақстан облысының спортшыларынан басым түсіп, Қазақстан Кубогына ие болды. Ал Павлодар облысы мен Батыс Қазақстан облысы дзюдодан Қазақстан кубогының қола жүлдегерлері атанды.…
20:11 | 12 қараша 2017
Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Чемпионаты аяқталды. Ел біріншілігінің үшінші күнінде дзюдошылар 5 салмақ бойынша белдесті: Ерлер -90 кг, -100 кг, +100 кг; Әйелдер -78 кг, 78 кг; Сонымен қатар, бүгін бірқатар спорт жанашырларын ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығы медалімен марапатталды. Атап айтқанда, Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Житкеев Асхат Расулұлына, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Шахаров Асхат Берлешұлына, ҚР Еңбек…
20:24 | 11 қараша 2017
Ақтөбеде «Жекпе-жек» спорт кешенінде дзюдодан Қазақстан Республикасының Чемпионатының екінші күні аяқталды. 5 салмақ бойынша бақтарын сынаған дзюдошылар өзара мықтыны анықтады. Назарларыңызға екінші күннің қорытындысын ұсынамыз: Ерлер: 73 кг 1.Азамат Муқанов (Қазақстан Дзюдо федерациясы) 2.Жансай Смағұлов (Қарағанды облысы) 3.Жанболат Бағытбергенов (Ақтөбе облысы) 3.Елдос Жұмаханов (Алматы қаласы) 81 кг 1. Дидар Хамза (ОҚО) 2. Қажымұқан Өтеулиев (Алматы қаласы) 3.Бекжан Абдуалиев (Ақтөбе облысы)…
22:33 | 10 қараша 2017
10 қараша күні Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты басталды. «Жекпе-жек» спорт сарайында өтіп жатқан айтулы додаға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан барлығы 400-ден астам дзюдошылар қатысып жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев белдесулерді тамашалап, ел чемпионатының бірінші күнінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, бүгінгі чемпионаттың салтанатты ашылуымен құттықтады. Салтанатты ашылу…

Әлеуметтік желідегі парақшалар