Жаңалықтар

23:00 | 16 желтоқсан 2017
Бүгін Түркияның Анталия қаласында парадзюдодан халықаралық турнир өтті. Əлемнің 9 елінің дзюдошылары қатысқан ірі додада Қазақстан құрама командасының дзюдошылары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, Ануар Сариев (60 кг) пен Ғалымжан Махмудов (90 кг) Чемпион атанса, Даулет Теміржанов (73 кг) пен Азамат Бимұратов (81 кг) күміс медальға ие болды.
22:42 | 16 желтоқсан 2017
Дзюдодан Санкт-Петербургте өтіп жатқан əлемдік "Masters" турнирінде 66 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен қазақстандық дзюдошы Елдос Жұмақанов күміс медальға ие болды. Əлемнің үздік дзюдошылары бақтарын сынап жатқан додада Елдос Чибана Чарлизді ұтып, жартылай финалға жолдама алған болатын. Жартылай финалда отандасымыз грузиялық Ваза Маргвенашвилиді иппонмен жеңді. Алайда, Елдос Жұмақанов финалда моңғолиялық дзюдошы Херленг Ганболдқа есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
19:24 | 16 желтоқсан 2017
Бүгін Ақтау қаласында «Маңғыстау» спорт кешенінде халық батыры Шотан Назарұлын еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасында ІІІ республикалық турнир өтті. Жарысқа ШҚО, Ақтөбе облысы, БҚО, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Атырау облыстарынан 14 командадан 250 жас дзюдошы қатысты. Сондай-ақ, жарыс аясында Маңғыстау облысы дзюдо федерациясы жергілікті спортшылардың жетістіктеріне қорытынды жасап, 2017 жылы дзюдодан Қазақстан Чемпионаты мен халықаралық жарыстарда жеңімпаз бен жүлдегер…
13:35 | 15 желтоқсан 2017
16-17 желтоқсан күндері Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай халық батыры Шотан Назарұлы атындағы дзюдодан жасөсіпірмдер арасында ІІІ республикалық ашық турнир өтеді. Республикалық жарысқа 2000-2001 жылы туылған жасөспірім дзюдошылар қатысады. Жарыс күн сайын "Маңғыстау Арена" спорт кешенінде сағат 10:00-де басталады
14:33 | 08 желтоқсан 2017
16-17 желтоқсан күндері Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дзюдодан халықаралық «Masters» турнирі өтеді. Әлемнің 41 елінен 200-ге жуық дзюдошы қатысатын әлемнің ең ірі додасында Қазақстан құрама командасынан 4 дзюдошы қатысуға жолдама алды: Ерлер: Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) Елдос Жұмақанов (66 кг) 3. Ислам Бозбаев (90 кг) Әйелдер: Севара Нышанбаева (57 кг) Әлемдік «Masters» турниріне IJF рейтингінде ТОП-16 -ға кірген спортшылар ғана қатыстырылады.…

Әлеуметтік желідегі парақшалар