Жаңалықтар

09:52 | 29 қараша 2017
Маңғыстау облыстық «Жас Батыр» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балуаны Мұхамбет Зұлхарнаев Грузияда дзюдодан өткен халықаралық жарыста жеңіске жетіп, аймақ абыройын асқақтатты. Самбодан Әлем және Европа кубогының жеңімпазы Вадри Квавилашвилидің жүлдесіне арналған жарыс биыл 13-ші рет ұйымдастырылып отыр. 500-ден астам спортшы қатысқан халықаралық додада +90 келі салмақта белдескен жерлесіміз Мұхамбет Зұлхарнаев қола медальді еншіледі. - Халықаралық жарыс 2001-2004 жылы…
16:44 | 22 қараша 2017
2-3 желтоқсан күндері Жапонияның Токио қаласында дзюдодан кезекті әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді. 65 елден 452 дзюдошы қатысады деп жоспарланған халықаралық додада Қазақстан намысын үш дзюдошы қорғайды. Олар: Рустам Ибраев (60 кг), Дидар Хамза (81 кг) және Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг). IJF ережесіне сәйкес, «Grand Slam» турнирінде жеңімпаз атанған дзюдошыға 1000 ұпай, екінші орынға - 700 ұпай, үшінші орынға 500…
12:01 | 21 қараша 2017
Бүгін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясының құрылғанына 5 жыл. 2012 жылдың қараша айында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған Конфедерация құрамына еліміздегі белді деген бес спорт түрлері енді. Атап айтсақ, бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, қазақ күресі 2012 жылдан бері бір шаңырақ астына бірігіп, Конфедерацияның арқасында жаңа даму деңгейіне көтерілді. Осы бес…
11:37 | 21 қараша 2017
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Гаагада өткен әлемдік «Grand Prix» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. IJF ережесіне сәйкес, әлемдік «Grand Prix» кезеңінде бірінші орын алған дзюдошыға 700 ұпай, екінші орынға 490 ұпай, үшінші орынға 350 ұпай беріледі. Жаңартылған рейтингке Қазақстан ұлттық қыздар құрама командасының мүшесі Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік 4880 ұпаймен рейтингте бірінші орынға көтерілді. Екінші орында…
16:05 | 20 қараша 2017
Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Самат Жылқыбаев және ҚР Дзюдо федерациясының вице-президенті Асхат Житкеев КЮ және ДАН жүйесі бойынша атестациядан өткен жаттықтырушылар мен дзюдошыларды марапаттады. Аталмыш жүйе бойынша аттестатциядан өткендер қатарында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтуршылары Михаил Щепетюк, Жексенба Саламатов, Айдын Смағұлов және ҚР Дзюдо федерациясының бас төрешісі Мұхсин Нұртазин, 2 DAN сертификатымен дзюдошы Иоланта Бердібековаға табысталды.

Әлеуметтік желідегі парақшалар