Жаңалықтар

22:42 | 09 ақпан 2019
Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан әлемдік "Grand Slam" жарысының күміс жүлдесіне ие болды. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз финалда жапониялық Әлем Чемпионы Ноахисо Такатомен кездесіп, вазари ұпайымен есе жіберді. Ал 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Галбадрах Отгонцэцэг жұбаныш финалында Ганбаатар Наранцэцэгті жеңіп, Қазақстан қоржынына қола жүлдені салды.
20:02 | 09 ақпан 2019
Жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Чемпионатының екінші күні өз мәресіне жетті. Жарыстың екінші күнінде ұлдар 60, 66, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаса, қыздар 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақта өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ, Таразда өтіп жатқан Қазақстан Чемпионатының аясында бірқатар спортшылар мен төреші, жаттықтырушыларға ДАН сертификаттары табысталды. Атап айтқанда, Қазақстанның бірнеше дүркін Чемпионы, Азия Чемпионатының жүлдегері Қалжан Тайжанова, ҚР…
19:56 | 09 ақпан 2019
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов (-60 кг) Франция астанасы Парижде өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінің финалына шықты. Жартылай финалдық бәсекеде отандасымыз моңғолиялық Дашдаава Амартувшинді жеңіп, финалда жапон балуаны Такато Ноахисамен күреседі. Тағы бір қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг (-48 кг) жарыстың қола жүлдесі үшін күреседі. Оның жұбныш финалдағы қарсыласы моңғолиялық Ганбаабар Наранцэцэг болмақ. Финал Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. «Qazsport» арнасы жарыстың…
19:20 | 08 ақпан 2019
Бүгін Тараз қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионатының бірінші күні аяқталды. Дүбірлі доданың бірінші күнінде спортшы қыздар мен ұлдар 5 салмақ дәрежесінде бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Назарларыңызға жарыстың алғашқы күнінің қорытындысын ұсынамыз: Ұлдар: 46 кг 1. Нұрдаулет Ерік (Жамбыл облысы) 2. Санжар Али (Ақтөбе облысы) 3. Жанай Қуанов (Алматы облысы) 3. Бекарыс Жаныс (Қызылорда облысы) 50кг 1. Нұрқанат Серікбаев…
11:46 | 05 ақпан 2019
7-12 ақпан күндері Тараз қаласында дзюдодан 2002-2003 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді. Жарыс кестесі 8 ақпан ұлдар: -46 кг, -50 кг, -55 кг; қыздар: -40 кг, -44 кг; 10:00 – басталуы 16:00 – жарыстың ашылу салтанаты 16:30 – финалдық кезең 9 ақпан ұлдар: -60 кг,-66 кг, -73 кг; қыздар: -48 кг, -52 кг,-57 кг: 10:00 – басталуы 16:00…

Әлеуметтік желідегі парақшалар