Жаңалықтар
11:46 | 11 наурыз 2019
11 наурыз күні халықаралық дзюдо федерациясы(IJF) Гран При жарысынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. Әлемдік Гран При жарысында жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошылар жаңартылған IJF рейтингінде жоғары көтерілді. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес Гран При жеңімпазына әлем рейтингіне 700 ұпай, күміс жүлдегерге 490 ұпай, ал қола жүлдегерге 350 ұпайдан қосылады.
Жарыстың күміс жүлдегері атанған қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбев (+100 кг) 51 орыннан…
01:09 | 11 наурыз 2019
Ерасыл Қажыбаев - Гран При турнирінің күміс жүлдегері
Ерасыл Қажыбаев Марокконың Мараккеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды. Ол ақтық финалда германиялық Свен Хейнлимен кездесіп, есе жіберді.
Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін күрескен Айбек Серікбаев жұбаныш финалында есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.
Естеріңізге сала кетсек, дәл осы жарыста 66 келіге дейінгі салмақта белдескен…
23:37 | 08 наурыз 2019
Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Мароккода өтіп жатқан Гран При жарысының қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық қарсыласы Шахрам Ахадовты ұтты.
66 келіге дейінгі салмақта күрескен отандасымыз Ерлан жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті.
Алғашқы қарсыласы испаниялық Даниель Перез Романды иппонмен екінші белдесуінде сербиялық Страхиния Бунцикті жеңді. Ширек финалда Италия спортшысы Пираз Маттеоны ұтып, жартылай финалға шықты.…
12:03 | 07 наурыз 2019
Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Пернешұлы Қожамжаров барша әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күнімен құттықтады!
Құрметті ханымдар!
Дзюдо Федерациясы атынан 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Сіздердің бойларыңызда нәзіктік пен қайсарлық, биязылық пен табандылық тең ұштасқан. Әр-қайсыңыз еңбекқорлық және шыдамдылықтың үлгісі болып табыласыздар!
Қол жеткізген жетістіктеріңіз спорт әлемінде еліміздің абыройын арттырып, халқымыздың мерейін үстем етуде.
Біз сіздерді әрқашанда мақтан тұтамыз.
Мерекелеріңізбен…
11:11 | 07 наурыз 2019
Ертең, 8 наурыз күні Мароккода дзюдодан Гран При жарысы басталады. 71 елден 487 дзюдошы тіркелген жарысқа Қазақстан құрама командасынан 19 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар:
Ерлер:
Бауыржан Нарбаев (-60 кг)
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Ерлан Серікжанов (-66 кг)
Әбілхайыр Мәуленин (-66 кг)
Ақылбек Серік (-73 кг)
Жансай Смағұлов (-73 кг)
Дидар Хамза (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Азиз Қалқаманұлы…