Жаңалықтар

11:33 | 05 желтоқсан 2018
Алматы қаласында 8-9 желтоқсан күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді. Қазақстанда үшінші рет ұйымдастырылып отырған бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және қазақ күресі спортынан бірлескен командалық жарыс ретінде өтетін шараның жалпы жүлде қоры – 145 000 000 теңге. Конфедерация кубогы үшін қатысушы командалар жеребе бойынша төрт топқа бөлінген еді:…
13:08 | 01 желтоқсан 2018
Бүгін дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері Айдын Құдайбергенұлы Смағұловтың туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды! Ел үшін батырларымызды баптап, халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғауына барынша ат салысқаныңыз үшін алғыс айтамыз! Сізді туған күніңізбен құттықтай келе, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, жұмысыңызға табыс тілейміз!
10:06 | 01 желтоқсан 2018
Қазақстан дзюдошылары Федерациясының атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! 1 желтоқсан - еліміздің тәуелсіздігіне алғаш жол салынған ерекше күн. Отандастарымыз осы күні мемлекетіміздің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Елбасы етіп сайлап, оған өз болашағын сеніп тапсырды. Кең байтақ Ұлы дала төрінде бейбіт өмір мен өркендеудің бастапқы қадамы жасалды, халқымызда болашаққа деген үміт оты орнады. Жалпыхалықтық мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңа…
15:39 | 30 қараша 2018
15-16 желтоқсан күндері Гуанчжоуда (ҚХР) дзюдодан жылдың ең соңғы жарысы әлемдік «Мастерс» турнирі өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесінде «Мастерс» турнирі маңыздылығы жағынан Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатынан кейінгі орында тұр. Себебі, мұнда әлем рейтингінде көш бастаған үздік 16 дзюдошы ғана қатыстырылады. Тиісінше, аталмыш жарыста берілетін ұпай сандары да қомақты. Жеңімпаздарға 1800 ұпай, екінші орын алған дзюдошыға 1260 ұпай, үшінші орынға…
17:43 | 28 қараша 2018
23 қараша күні рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесіне орай Маңғыстау облысың дзюдо федерациясымен Шотан батыр қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысының әкімінің қолдауымен Халық Батыры Шотан Назарұлы атында дзюдодан2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы IV Республикалық ашық турнирі өтті. Жалпы жүлде қоры 630 мың теңгені құрайтын жарысқа Астана, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан…

Әлеуметтік желідегі парақшалар