Жаңалықтар
10:17 | 21 наурыз 2019
Құрметті дзюдошылар қауымы! Сіздерді ұлттық дзюдо Федерациясының атынан Наурыз күнімен құттықтаймын!
Наурыз мерекесі – халқымыздың рухани жаңғыруы мен мәдени өркендеуінің бастауы. Тамыры тереңде жатқан тарихымыздың қайнар көзі. Сол себепті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 1991 жылы Наурызды төл мереке ретінде бекітті. Ұлтымыздың бірнеше ғасырлық шежіресі осы күні қайта оралды. Бүгінде Наурыз берекесі мен татулығы жарасқан біртұтас халқымыздың басты мейрамы.
Ұлыстың Ұлы күні…
10:39 | 18 наурыз 2019
Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев пен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер екіжақты кездесу өткізді.
Бұл күндері халықаралық федерация басшысы Қазақстанда іссапармен жүр. Тараптар биыл 25-29 қыркүйек аралығында Алматыда өтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатына дайындық барысын талқылады.
«Спорттың болашағы жастардың қолында. Біз спортшыларымыз өсіп-жетіліп, халықаралық ареналарда шыңдалу үшін бар жағдайды жасаймыз. Сондай-ақ, Олимпизм құндылықтарын дамыту үшін…
12:34 | 15 наурыз 2019
Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан әлемдік "Grand Slam" жарысы басталады. Жарыс фавориті саналған қазақстандық Елдос Сметов аталмыш жарысқа қатыспайтынын ресми мәлімдейміз. Екатеринбург қаласында жарыс алдындағы жаттығу барысында жарақаты сыр берді.
"Ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиындарында иығымнан жарақат алған болатынмын. Кеше жарыс алдындағы жаттығу барысында сол жарақатым сыр беріп, әлі толық қалпына келмегенін көрсетті. Сол себепті, Екатеринбургте өтетін жарысқа қатыспайтын…
16:19 | 14 наурыз 2019
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасы Марокконың Мараккеш қаласынан Қазақстанға оралды. Елге келген соң Қазақстан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Қален Қалиұлы жарысты қорытындылап, спортшылардың Гран При турниріндегі нәтижесіне көңілі толатынын айтты.
«Гран При жарысы өте мықты деңгейде өтті. Әлемнің 67 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысты. Осы жарысқа Қазақстан ерлер құрама командасынан 12 дзюдошы қатысып, оның ішінде екеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Марокко…
17:21 | 12 наурыз 2019
15-17 наурыз күндері Екатеринбургте (Ресей) дзюдодан әлемдік «GrandSlam»турнирі өтеді. Жарысқа 48 елден 403 дзюдошы қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 20 спортшы ел намысын қорғайды.
Ерлер:
Елдос Сметов (-60 кг)
Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)
Елдос Жұмақанов (-66 кг)
Есет Қуанов (-66 кг)
Мадияр Сембаев (-73 кг)
Бекәділ Шаймерденов (-73 кг)
Бекжан Абдуалиев (-81 кг)
Руслан Мусаев (-81 кг)
Ислам Бозбаев (-90 кг)…