Ғалымжан Қырықбай - Универсиада Чемпионы

00:56 | 07 шілде 2019

Қазақстандық дзюдошы Ғалымжан Қырықбай абсолют салмақ дәрежесінде Универсиада Чемпионы атанды. Ол финалда франциялық Хадринн Ливольсиді ұтты.

Ғалымжан Қырықбай жартылай финалда қырғызстандық Ерлан Шеровты, ширек финалда өзбекстандық Давлат Бабоновты жеңді. Ал іріктеу кезеңдерінде түркіменстандық Ибрагим Союнов пен германиялық Бенжамин Боюзгарниге қарсы күресіп, жеңіске жеткен болатын.

Айта кетерлігі, Ғалымжан Қырықбай Қазақстан дзюдо тарихында Универсиада алтынын алған алғашқы дзюдошы.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар