Ақтауда дзюдодан Азия Кубогы басталды
Бүгін Ақтау қаласында Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған дзюдодан ашық Азия кубогы басталды. Жарыстың алышу салтанатына Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев, Азия дзюдо одағының спорт директоры Дэвид Картер, Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, Маңғыстау облысы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы міндетін атқарушы Нұрлан Джалимов, Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының президенті Асылбек Жолдыбаев қатысты.
Жарыстың бірінші күнінде ерлер 60, 66, 73 келіге дейінгі, әйелдер 48, 52, 57 және 63 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады. Бірінші күннің нәтижесі бойынша, 3 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлдемен Ресей Федерациясының құрама командасы жалпы медаль кестесінде көш бастады. Ал Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 қола жүлдемен екінші орынға жайғасса, 1 алтын, 1 қола жүлдені иеленген Гонконг құрамасының спортшылаары үздік үштікті қорытындылады.
Әйелдер:
48 кг
1.Дария Пичкалева (Ресей)
2.Мариям Есеркеева (Ресей)
3.Ка Ли Уонг (Гонконг)
3.Кристина Булгакова (Ресей)
52 кг
1.Анна Казюлина (Қазақстан)
2.Дарья Грибанова (Ресей)
3.Ким Йхеон (Оңтүстік Корея)
3.Виктория Васильченко (Ресей)
57 кг
1.По Сум Леунг (Оңтүстік Корея)
2.Виктория Байдак (Ресей)
3.Анжелес Лопез Агюлера (Испания)
3.Данна Нагучева (Ресей)
63 кг
1.Иоланта Бердибекова (Қазақстан)
2.Анастасия Коляденкова (Ресей)
3.Гүлзада Алмаз (Қазақстан)
3.Софя Матова (Ресей)
Ерлер:
60 кг
1.Блиев Аюб (Ресей)
2.Рамазан Абдулаев (Ресей)
3.Бауыржан Нарбаев (Қазақстан)
3.Яшар Нажафов (Әзірбайжан)
66 кг
1.Есет Қуанов (Қазақстан)
2.Алиреза Хожастех (Иран)
3.Әбілхайыр Мәуленин (Қазақстан)
3.Мурад Шопанов (Ресей)
-73 кг
1.Аюб Хажалиев (Ресей)
2.Мохаммад Мохаммади (Иран)
3.Барыс Қуан (Қазақстан)
3.Сеунгу Ким (Оңтүстік Корея)
0 пікірлер