Елдос Сметов - Гран При жеңімпазы

22:01 | 12 шілде 2019

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Будапештте өтіп жатқан Гран При турнирінің жеңімпазы атанды. Ақтық финалда отандасымыз моңғолиялық Ганбат Болдбаатарды жеңді.

Елдос Сметов жарыс барысында 5 кездесу өткізді. Бірінші белдесуінде IJF спортшысы Мохаммад Рашнонежадты, екінші кездесуінде өзбекстандық Кемран Нуриллаевты, іріктеу кезеңінің үшінші белдесінде тайпейлік Уэй Янг Юнгті уақытынан бұрын таза жеңді. Жарыс фавориті саналған отандасымыз жартылай финалда болса нидерланд спортшы Торнике Цжакадоеаны ұтты.

b4ecfff5765cf01620e89ea7a7ac1bfb.jpg

Тағы бір отандасымыз Елдос Жұмқанов ел қоржынына күміс медальді салды. 66 келіге дейінгі салмақта күрескен ол финалда моңғолиялық Ганбат Херленгке есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Естеріңізге сала кетсек, Венгрия астанасы Будапештте дзюдодан әлемдік Гран При турнирі өтіп жатыр. Оған әлемнің 85 елінен 500-ден аса татами шеберлері қатысып жатыр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар