Жаңалықтар

15:44 | 12 желтоқсан 2019
Циндаода (Қытай) дзюдодан әлемдік «Masters» турнирі басталды. Жарыстың бірінші күнінде ерлер 60 және 66 келіге дейінгі салмақта, әйелдер 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде татамиге шықты. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен қос қазақстандық балуан Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев кіші финалда жеңіліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Елдос Сметов ресейлік Роберт Мшвидобадзеге есе жіберсе, Ғұсман Қырғызбаевты өзбекстандық Шарафоддин Лутфиллаев…
15:53 | 11 желтоқсан 2019
12 желтоқсанда Циндаода дзюдодан әлемдік «Masters» турнирі басталады. Бүгін аталған жарыстың жеребесі тартылды. Нәтижесінде қазақстандық дзюдошылардың байрақты бәсекедегі алғашқы қарсыластары белгілі болды. 60 келіге дейінгі салмақта белдесетін қос қазақстандық балуан бір топқа түсті. Елдос Сметовтың алғашқы қарсыласы ресейлік Альберт Огузов болса, Ғұсман Қырғызбаев франциялық Валиде Хьярмен белдеседі. 66 келіге дейінгі салмақтағы отандасымыз Елдос Жұмақанов жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның алғашқы…
10:26 | 10 желтоқсан 2019
12-14 желтоқсан күні Циндаода (ҚХР) дзюдодан әлемдік "Masters" турнирі өтеді. Жылдың қорытынды жарысына әлемнің 67 елінен 448 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, жарыс жеңімпаздарына әлем рейтингінде 1800 ұпай, күміс жүлдегерге – 1260 ұпай, ал қола жүлдегерге – 900 ұпайдан қосылады. Аталған жарыста Қазақстан намысын 9 дзюдошы қорғайды. Олар: Елдос Сметов (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (60…
10:35 | 22 қараша 2019
Бүгін Осакада дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды. Жарыстың бірінші күнінде ерлер -60, -66, әйелдер -48, -52 және -57 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынауда. Өкінішке қарай, бүгін татамиге шыққан барлық қазақстандық дзюдошы қарсыластарына бірінші айналымда есе жіберді. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Рустам Ибраев алғашқы айналымда ресейлік Аюб Блиевтен вазари ұпайымен ұтылды. Ал Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) болса жапониялық Кога…
09:55 | 18 қараша 2019
17 қараша күні Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан клубтар арасындағы Еуропа лигасы өтті. Аталған сынға қазақстандық Ислам Бозбаев гректің «Арис» клубы сапында татамиге шықты. Нәтижесінде, отандасымыздың командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Турнирде Франция, Сербия, Портулагия, Грузия, Германия және Грекиядан 6 әйелдер және 11 ерлер командасы сынға түсті. Турнирге әлемнің 22 мемлекетінен жалпы есебі 171 спортшы қатысты.

Әлеуметтік желідегі парақшалар