Жаңалықтар

10:57 | 27 ақпан 2019
Дзюдодан Қазақстан әйелдер ұлттық құрама командасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Құраманың бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, құрама спортшылары жаттығу жиындарында лицензиялық турнирлерге дайындалып жатыр. «Оқу-жаттығу жиындарында қосалқы құрам Еуропа Кубогына дайындалып жатса, негізгі құрам алда болатын Гран При жарысына қызу дайындық жүргізуде. 16 дзюдошы қатысып жатқан жаттығу жиыны ақпанның 28-іне дейін жалғасады. Жаттығу арнайы физикалық дайындық және тактикалық…
14:57 | 26 ақпан 2019
Қазақстандық дзюдошылар Германиядан елге оралды. Дюссельдорф татамиінде өткен «Grand Slam» жарысында құрама сапынан ең жақсы нәтиже көрсеткен Есет Қуанов 7-орынға тұрақтады. 66 келіге дейінгі салмақта белдескен балуанымыз өзінің алғашқы жарысынан кейінгі әсерімен бөлісті. - Жарысқа дайындығым өте жақсы болды. Ал жоспарым – алтын алу еді, дейді Есет Қуанов, - алғашқы кездесуімде Босния және Герцеговина спортшысы Задро Петермен күресіп, вазари ұпайымен…
11:59 | 26 ақпан 2019
Қазақстандық дзюдошылар Прагада 2 наурыз күні өтетін Еуропа ашық Кубогына қатысады. Әйелдер арасында өтетін аталмыш турнирге 200-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Ал Қазақстан намысын Прага жерінде 10 дзюдошы қорғамақ. Олар: Әйгерім Төреғожина (-48 кг) Гүлдана Әлмұханбетова (-52 кг) Бақыт Құсақбаева (-57 кг) Иоланта Бердибекова (-63 кг) Назгүл Құбашева (-63 кг) Алтынай Хаби (-63 кг) Әйгерім Жұмадилла (-63 кг) Назгүл…
11:00 | 20 ақпан 2019
22-24 ақпан күндері Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан халықаралық «Grand Slam» турнирі өтеді. Аталмыш жарысқа 97 елден 683 татами шебері қатысады деп жоспарланған. Қазақстан намысын 14 дзюдошы қорғайды. Ерлер: Мағжан Шамшадин (-60 кг) Рустам Ибраев (-60 кг) Есет Қуанов (-66 кг) Ғұмар Қырғызбаев (-66 кг) Нұрлан Оразалин (-73 кг) Бекәділ Шаймерденов (-73 кг) Қажымұқан Өтеулиев (-81 кг) Азиз Қалқаманұлы (-90 кг)…
15:30 | 18 ақпан 2019
16-17 ақпан күндері Римде дзюдодан ерлер арасында Еуропа ашық кубогі өтті. Екі күнге созылған жарыста Дәурен Сүйеукенов күміс жүлдеге, Бауыржан Жауынтаев қолаға қол жеткізген болатын. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық финалғаа дейін қарсылас шақ келтірмеген жас балуан Дәурен Сүйеукеновті сөзге тартып, жарыс туралы сұраған болатынбыз. - Дәурен, Еуропа кубогының күміс жүлдегері атануыңмен шын жүректен құттықтаймыз! Жалпы жарыс туралы айта…

Әлеуметтік желідегі парақшалар