​НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

10:17 | 21 наурыз 2019

Құрметті дзюдошылар қауымы! Сіздерді ұлттық дзюдо Федерациясының атынан Наурыз күнімен құттықтаймын!

Наурыз мерекесі – халқымыздың рухани жаңғыруы мен мәдени өркендеуінің бастауы. Тамыры тереңде жатқан тарихымыздың қайнар көзі. Сол себепті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 1991 жылы Наурызды төл мереке ретінде бекітті. Ұлтымыздың бірнеше ғасырлық шежіресі осы күні қайта оралды. Бүгінде Наурыз берекесі мен татулығы жарасқан біртұтас халқымыздың басты мейрамы.

Ұлыстың Ұлы күні әр спортшының отбасы мен ортасына ашық аспан, мол бақыт, зор денсаулық тілеймін. Осы жыл сіздер үшін табысқа толы болсын!

Ізгі ниетпен, Қ.Қожамжаров

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар