Дзюдодан әлем чемпионаты: жеке кездесулердің қорытындысы
Алты күнге созылған дзюдодан әлем чемпионатына біздің ұлттық құраманың атынан 15 спортшы қатысты.
Жарысты қорытындылайтын болсақ: Қазақстан чемпионатты жеке есеп бойынша төрт жетістікпен, оның ішінде бір «күміс» жүлдемен аяқтап отыр. «Күміс» алқаны 66 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Азамат Мұқанов жеңіп алды. Дастан Ықыбаев 73 кг дейінгі салмақта бесінші орын алса, 60 кг дейінгі салмақ санатында өнер көрсеткен Елдос Сметов пен Асхат Тельманов жетінші орынға тұрақтады.
Кеше, 31 тамызда өткен кездесулерде Максим Раков, Гүлжан Исанова, Ержан Шынкеевтер жүлделік кездесулерге өте алмады. Бірақ жанкүйерлер, біздің дзюдошыларымыздың қыркүйек айының соңында өз алаңымызда өтетін Гран-При турнирінде өздерін көрсете алатындарына сеніп отыр.
Бүгін Рио-де-Жанейрода командалық жарыстар өтеді. Онда біздің команданың атынан 73 кг салмақ санатында Ертуған Төренов өнер көрсетеді.
Жепе-жектердің барысын онлайн-режимде ippon.org сайтынан тамашалай аласыздар.
0 пікірлер