Жаңалықтар

17:57 | 30 мамыр 2015
Бүгін жазғы Спартакиада аясында Қарағанды қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Жарыс 1 маусымда аяқталады. Бірінші жарыс күнінде ерлер 60 және 66 келіде мықтыны анықтаса, әйелдер 48, 52 және 57 келіде белдесті. 60 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атағы Қызылорда облысынан барған Дархан Сержановқа бұйырды. Финалда ол татами қожайынын Арман Отарбаевтан басым түсті. Серіктай Закетаев (Ақмола облысы)…
23:14 | 15 мамыр 2015
Азия біріншілігінің соңғы командалық жарыс күні, ерлер құрамасы үшінші орынға күресінде моңғолдарды 3: 2есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегерлері атанды. Соңғы шешуші ұпайды жоғары салмақтағы Ержан Шынкеев ұтып, командасын алға шығарды. Ал, қыздарға келсек, олар үшінші орынға күресінде Тайбэй командасынан жеңіліп, жүлдеге ілінген жоқ. Осылайша қазақ құрамасы Кувейттен жекелей сында 1 күміс және 4 қола медаль ұтып қайтты.
23:10 | 14 мамыр 2015
Азия біріншілігінің екінші күні қазақ дзюдошылары үшін жемісті болды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Максим Раков алғашқы кездесуінде моңғолиялық Ариун –Эрден Батбаярды жеңді,келесі тәжік спортшысы Саиджалол Саидовтан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алу үшін Қырғызстан дзюдошысын тізе бүктірді. Ақтық сында қарсыласы жапондық Кайхан Такагиге ұтылып, күміс медаль еншіледі. 100 келіден жоғары салмақта Ержан Шынкеев үшінші орынға кездесуінде моңғолдық Темулен Баттулганы…
23:16 | 13 мамыр 2015
66 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Елдос Жұмаханов жарысты бірден екінші айналымнан бастады. Алғашқы қарсыласы үнділік спортшыны жеңіп, келесі кездесуінде екі дүркін әлем біріншілігі, Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері өзбек дзюдошысы Ришод Собировтан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Алайда жартылай финалда жапондық Томофуми Такаджоға жол беріп, үшінші орынға күресінде қытайлық Дуанбин Маны жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар,…
13:00 | 13 мамыр 2015
Кувейттің астанасы Эль-Кувейтте дзюдо күресінен Азия біріншілігі басталды. Бүгін татамиге 48, 52, 57, 63, 60, 66, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар шығады. Естеріңізге салайық, додалы бәсекеде қазақ елінің бірінші құрамы бақ сынауда. Бүгін жарыс жолына Елдос Сметов (60 келі, Тараз), Елдос Жұмаханов (66 келі, Маңғыстау облысы), Дастан Ыкыбаев (73 келі, ШҚО), Александра Подрядова ( 48 келі, ОҚО), Ленария Мингазова…

Әлеуметтік желідегі парақшалар