Жаңалықтар

13:47 | 02 ақпан 2015
Орталық коммуникациялар қызметінде Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы өкілдері және Қазақстан дзюдо федерациясы басшылығының қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг барысында дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Мықтыбеков Маратбек биыл әлем біріншілігі Астана қаласында өткізілетінін хабарлады. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр. Федерацияның даму жөніндегі директоры Асхат Жіткеев дзюдодан ұлттық құрама Жапонияда жаттығу жасап жатқанын жеткізді. Сонымен…
00:18 | 20 қаңтар 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, федерацияның Құрметті президенті Махмұтов Бекет Сапабекұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!
11:01 | 19 қаңтар 2015
Қаңтар айының 15-18 аралығында Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасында қысқы демалыс күндеріне арналған дәстүрлі ашық республикалық турнир өткізілді. Оған еліміздің 10 облысынан және Қырғызтаннан екі команда қатысты. Жалпы саны 500- ге тарта спортшы бақ сынады. Жарыстан соң оқу –жаттығу жиыны басталды. Оған 10 облыстан, 100-ден астам спортшы қатысуда.
12:10 | 13 қаңтар 2015
Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы Моңғолия Республикасының дзюдо федерациясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа сай тараптар өз мемлекеттерінде өткізілетін спорттық іс-шаралар туралы ақпаратпен, дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламаларымен, ұлттық құрама командаларды дайындау мәселелері жөніндегі ғылыми-әдістемелік құралдарымен бөліседі. Сонымен қатар, спорттық ғимараттар құрылысы, оларды пайдалану және басқару, спорттық маркетингті дамыту тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасу көзделген.
12:41 | 09 қаңтар 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, федерацияның Вице-президенті Өтелбаев Сәкен Маратұлын туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!

Әлеуметтік желідегі парақшалар