Жаңалықтар

11:34 | 08 мамыр 2015
«Дзюдо федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Олимпиада ойындарына қатысқан Әшіров Ахат Сеноровичті туған күнімен құттықтайды! Ұжым атынан сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жұмысыңызға жеміс, отбасына амандық тілейміз!
13:35 | 07 мамыр 2015
Қарағанды қаласында 30 мамыр мен 1 маусым аралығында IV спартакиада аясында дзюдо күресінен ел біріншілігі өткізіледі. Жарыстың ресми түрде ашылу салтанаты мамырдың 30 сағат 16.00. Сонымен қатар, спартакиада аясында 26-28 мамыр аралығында жаттықтырушылардың республикалық ғылыми-практикалық семинары өткізіледі.
13:25 | 06 мамыр 2015
"Дзюдо федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің ұжымы халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, ағайында бапкерлер Аширов Сергей Сенорович пен Аширов Ахат Сеноровичке аналары Аширова Рамия Нуритдинқызының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
13:27 | 05 мамыр 2015
3-4 мамыр аралығында Орал қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованыеске алуға арналған халықаралық турнир өткізілді. Оған еліміздің 11 облысы мен Ресейден келген 176 спортшы қатысты. Жарыс жеңімпаздарына ҚР спорт шебері атағы және қаржылай сыйлықтар берілді.
16:37 | 04 мамыр 2015
Берлинде өткізілген «European Judo Cup» жарысында Мәди Амангелді күмісті қанжығасына байлады (73 келі), ал Айболат Ыстыбай (50 келі) , Ақылбек Ерден (55 келі) мен Қуан Барыс (66 келі ) қола медаль иегерлері атанды. Қыздардан Аида Карчаева ( 52 келі) жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды.

Әлеуметтік желідегі парақшалар