Жаңалықтар

20:08 | 07 қазан 2017
Ташкентте дзюдодан өтіп жатқан əлемдік Гран При турнирінің екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов жарыс жеңімпазы атанды. 73 келіге дейінгі салмақ дəрежесінде белдескен отандасымыз финалда өзбек балуаны Гиесжан Бобоевты уақытынан бұрын иппонмен жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Жансай Смағұлов ширек финалда ауғанстандық Ришад Ариармудты вазари ұпайымен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Жарытылай финалдық белдесуде Өзбекстан спортшысы Мирзохид Фармановты да…
20:32 | 06 қазан 2017
Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При бәсекесінде 57 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанымыз Севара Нышанбаева Қазақстан қоржынына екінші медальді салды. Жарысқа екінші айналымда қосылған Севара Нышанбаева алғашқы қарсыласы Джулия Гаджианоға есе жіберген соң, жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды. Бірінші жұбаныш белдесуінде Гонконг спортшысы По Сам Леуингті вазари ұпайымен жеңіп, шешуші белдесуде австриялық Сабрина Филзмосерден басым түсіп, қола медальға ие…
18:58 | 06 қазан 2017
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Шаратов дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды. Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Шаратов дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Гран При турнирінде қола жүлдегер атанды. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Абылайхан Шаратов алғашқы айналымда ауғанстандық Аликозай Зелжайды иппонмен жеңіп жарысты сәтті бастады. Алайда, ширек финалдық белдесуде өзбекстандық Шарафуддин Лутфиллаевқа есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күш сынауға мүмкіндік…
14:49 | 04 қазан 2017
30 қыркүйек пен 3 қазан күндері Италияның Ольбия қаласында дзюдодан ардагерлер арасында Әлем Чемпионаты өтті. Әлемнің 64 елінен 1000-ға жуық ардагер дзюдошы қатысқан жылдың ең маңызды додасында Қазақстан құрамасынан 30 спортшы қатысып, 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль еншіледі. Әлем Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Жеңімпаз – Аманбай Қыздарбаев (М4-90 кг) Жеңімпаз – Азамат Мұқашев (М2-73 кг) Күміс –…
11:41 | 03 қазан 2017
6-8 қазан күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында дзюдодан кезекті әлемдік Гран при кезеңі өтеді. Гаран приге әлемнің 30-ға жуық елінен 200-дей дзюдошылар қатысады деп жоспарланған. Ташкент татамиінде ел намысын Қазақстан құрамасынан 24 дзюдошы қорғайды. Олар: 1.Мағжан Шамшадин (60 кг) 2.Абылайхан Шаратов (60 кг) 3.Әбілхайыр Мауленин (66 кг) 4.Мейіржан Қалтаев (66 кг) 5.Жансай Смағұлов (73 кг) 6.Нұрсұлтан Иса (73 кг) 7.Бекжан…

Әлеуметтік желідегі парақшалар