Жаңалықтар

22:22 | 26 қазан 2015
Абу – Даби қаласында жастар арасында өткізіліп жатқан әлем біріншілігінде 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде теміртаулық Никита Азаров қола медаль иегері атанды. Алайда оның осы жеңіске жетуі оңайға түспеді, алғашқы кездесуінде ол тәжік балуаны Теймур Рахимовтен басым түсіп, келесі кездесуінде француз дзюдошысын ұтты. Бірақ үшінші кездесуінде ресейлік Ильяс Ниязовқа жол беріп жұбаныш кездесу өткізуге мүмкіндік алды. Оның нәтижесі бойынша черногориялық…
16:34 | 26 қазан 2015
Теміртау қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амантай Айдархановты еске алуға арналған «Огни Магнитки» жарысы мәресіне жетті. Биыл турнирге Қазақстанның барлық өңірлерінен және Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғыстаннан келген 400-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды Шымкент қаласының балуандары алды, екінші орында Теміртау қаласы спортшылары, ал қола жүлделерді Астана мен Өзбекстан дзюдошылары бөлісті.
23:06 | 23 қазан 2015
Қазақ құрамасының белді мүшелерінің бірі Мағжан Шәмшәдин Абу - Даби қаласында өтіп жатқан жастар арасында әлем біріншілігінің чемпионы атанды. 55 келі салмақтағы спортшымыз алдымен өзбек Достон Рузиевті, одан кейін Армения балуаны Ваган Ховсепянды ұтты. Мұнан соң әзірбайжандық Натиг Гурбанлиден басым түсіп, жартылай финалдық кездесуде ол Грузия дзюдошысы Ираклий Купанадзеден айласын асырды, ақтық сында Оңтүстік Корея спортшысы Ха Рим Лиді "иппон"…
18:34 | 14 қазан 2015
Қазақстан дзюдо федерациясының ұжымы Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшыcы Берік Маржықпаевқа әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтады.
10:54 | 14 қазан 2015
КСРО спорт шебері Марат Чегеевті еске алуға арналған халықаралық турнирге (ШҚО, Өскемен) Қазақстанның өңірлерінен және Ресейден келген 282 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша медаль қорымен ШҚО командасы бірінші, Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары екінші орын алды, ал Алматы облысы балуандары үшінші орынға тұрақтады. Осы турнир барысында командалық кездесулер де өткізілді, оның қорытындысы бойынша ерлер арасында ШҚО спортшылары жеңімпаз атанды, ал Алматы…

Әлеуметтік желідегі парақшалар